+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Түркия COVID-19-ға қарсы шектеу талаптарын жеңілдетпек

2021 жылғы 1 маусым 03:40
Бөлісіңіз:
Түркия COVID-19-ға қарсы шектеу талаптарын жеңілдетпек

АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркия ел билігі COVID-19-ға қарсы жариялаған шектеу шараларын жеңілдетуді көздеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 17 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды Алматы облысында бір тәулікте 33 науқас коронавируспен ауруханаға түсті Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 17 адам көз жұмды

Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайип Эрдоған Министрлер кабинеті мәжілісінің қорытындысына байланысты өткізген телеүндеуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат түркиялық Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Режеп Тайип Эрдоған биліктің коронавируспен күреске қарсы енгізген бірқатар шектеу шараларының жеңілдетілетіндігін айтты.

Оның сөзінше, ертеңнен бастап, жексенбіні есепке алмағанда, кафетерий, кафе, шәйханалар, ойын-сауық парктері мен осы сияқты өзге де бірқатар нысандар таңғы сағат 7-ден кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді.

Бұл ретте ол маусым айында үйден шығуға байланысты шектеу сенбі мен өзге күндері сағат 22:00-ден кешкі 05:00-ге дейін күшінде болалытынын жеткізді. Жексенбі күні толық локдаун сақталады. Осыған дейін коменданттық сағат жәй күндері 21:00-ден таңғы 5-ке дейін енгізілген болатын.

Бұған қоса, Режеп Тайип Ердоған Түркияның 2021 жылы коронавирусқа қарсы өзінің жаңа вакцинасын шығаруды көздеп отырғанын айтты.

Айта кетейік, Түркияда 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында толық локдаун енгізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT