Түркия бизнесмендері үшін Қазақстан қай тұрғыда тартымды - Дәурен Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында қонақ болған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында Түркияға жасаған сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Түркия экономикасында туындаған қиындықтар ешкімге де құпия емес. Түріктің лирасы долларға қатысты біршама құнын жоғалтты. Өзіңіз елестетіп көріңіз, жыл басынан бері түрік валютасы 70 пайызға дейін әлсіреген. Мәселен, теңге долларға қатысты қаңтар мен қыркүйек аралығында шамамен 13 пайызға арзандады. Міне, туындаған қиындықтар аясында Батыстағы серіктестерімен қарым-қатынаста Түркия белсенді түрде біршама жол іздеп жатыр. Осының аясында біздің Президенттің сапары өте ыңғайлы уақытта жасалды», - деді министр.

Дәурен Абаев сапар алдында өткізілген бизнес-форумда (Қазақстан - Түркия) шамамен жалпы құны 1,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 22 коммерциялық құжатқа қол қойылғанын еске салды. Сонымен бірге, осы жолы Түркия Республикасының басшылығымен кездесумен қатар, Мемлекет басшысы 25 түркиялық ірі бизнесменмен кездескен.

null «Бүкіл Түркия экономикасының 15 пайызы - солардың үлесінде. Біздің Президент оларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды», - деді Дәурен Абаев.

Министр сонымен қатар, түрік бизнесі үшін Қазақстан қаншалықты тартымды бола алатынын түсіндірді.

«18 миллион халқы бар Қазақстан - инвестициялық тартымдылығы аса жоғары емес аймақ екенін түсінуіміз керек. Бірақ, біз Еуразиялық экономикалық одаққа кіреміз. Ал бұл - 180 миллиондық нарық. Түрік бизнесмендері Қазақстанда жұмыс істейтін болса, осы алып нарықтан пайда таба алады. Біздің Президенттің түрік бизнесмендерімен кездесу кезінде айтқанындай, «инвесторлар үшін процедураларды қай тұстан жеңілдете алатынымызды көрсетіңіздер». Біз оны түзете аламыз», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен бірге, министр Түркияда Нұрсұлтан Назарбаевқа неліктен үлкен ықыласпен әрі құрметпен қарайтынын айтып берді.

«Оның себептері көп. Түркия мен Ресей басшыларының қайта достасуының өзінде, өздері мойындағандай, қазақстандық көшбасшының еңбегі бар. Мұның өзі көп нәрседен хабар береді. Біз де Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған бауырлас Түркияның басшылығына өте үлкен құрметпен қараймыз. Зор абырой сол уақыттың өзінде қалыптасып қойған», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар