+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Түркия бейсенбі күні коронавирусқа қарсы вакцина егуді бастады

2021 жылғы 14 қаңтар 20:33
Бөлісіңіз:
Түркия бейсенбі күні коронавирусқа қарсы вакцина егуді бастады

АНКАРА. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Түркияның денсаулық сақтау басшысы медицина қызметкерлерінің қатысуымен тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпе егу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да коронавирус жұқтыру деңгейі өткен жылдың шарықтау шегіне жақындады Түркістан облысының бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырмақ Созақтағы уран өндіруші компанияның 90 жұмысшысынан коронавирус анықталды

Ел астанасы Анкарада өткен коронавирус бойынша Ғылыми-консультативтік кеңес отырысынан кейін сөз сөйлеген денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа жоғары лауазымды шенеуніктер өздеріне вакцина жасата отырып қоғамға үлгі көрсетеді және халықты соған шақыратынын айтты.

«Біздің негізгі мақсатымыз – вакцинация бағдарламасын ашық жүргізу. Вакцина әділетті түрде таратылады және Ғылыми кеңес бекіткен басымдықтан өзге тәжірибе жүргізілмейді», деп атап өтті министр.

Ф.Коджа мәліметінше, вакциналар 81 провинцияның қоғамдық денсаулық сақтау қоймаларына жеткізілді. Әр адамға есімі және штрих-коды бойынша вакцина бекітіледі. Сатып алу бойынша вакцина егілетін адамдарға кезегі туралы хабарланады, содан кейін олар алдын ала жазылып екпе жасатуға барады.

Кейінірек денсаулық сақтау басшысы CoronaVac вакцинасын қабылдаған Түркиядағы алғашқы адам болды. Министрден кейін комиссия мүшелері де екпе алды.

«Бәрі екпе алу керек екенін атап өткім келеді. Қалыпты өмірімізге оралу үшін міндетті түрде вакцина егілуі керек», - деп толықтырды Ф.Коджа.

Бұған дейін сәрсенбі күні Түркияның дәрі-дәрмек және медициналық құрылғылар ресми мекемесі CoronaVac-ты жаңа коронавирусқа қарсы шұғыл пайдалану үшін мақұлдаған болатын.

Түркияның дәрі-дәрмек және медициналық құрылғылар агенттігі (TITCK) екпені тексергеннен кейін Бейжіңдегі SinoVac компаниясы жасаған CoronaVac вакцинасына ресми түрде рұқсат берді.

Еске сала кетсек, SinoVac өндірген 3 млн вакцина 30 желтоқсанда Түркияға жеткізіліп, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қоймасына жіберілді. Содан кейін 14 күндік тексеру үшін TITCK зертханасына жеткізілді.

Кейінгі ресми мәліметтер бойынша, кейінгі 24 сағатта Түркияда 9554 адам коронавирус жұқтырды, сондай-ақ 173 адам өмірден өтсе, 9 463 тұрғын жазылып шықты. Елдегі жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 2,35 миллион адамнан асты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT