Түркия азаматы елордадағы қонақүйлердің бірінде ұрлық жасап, ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан полицейлері елордадағы қонақүйлердің бірінде ұрлық жасаған 37 жастағы шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, күдікті таң ата сағат 06:30-дар шамасында Құтпанов көшесіндегі қонақүйдің жанынан өтіп бара жатып, ғимаратқа кірген. Іштегі жағдайды білу үшін ол дәлізді аралап шығып, ешкімнің жоқтығына көз жеткізген соң ашық тұрған есіктердің біріне кірген. Онда да ешкім болмаған соң күдікті бөлмедегі «Самсунг» маркалы телефонды ұрлап кеткен.

Күдікті Түркия азаматы болып шықты. Қазір оның Қазақстан аумағында жүру заңдылығы тексерілуде. Қылмыстық ңс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, есікті ашық қалдырмай, аз уақытқа кетсе де есікті бекітіп жүру керектігін ескертеді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 24 сағат бойына күзет қойып, дабыл белгілерін орнату қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар