Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Түркия азаматтары Қырғызстаннан Қазақстанға жалған құжаттармен өтпек болған

2019 жылғы 14 қаңтар 09:09 982
Бөлісіңіз:
Түркия азаматтары Қырғызстаннан Қазақстанға жалған құжаттармен өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақжол - автодорожный» өткізу бекетінде шекара жасағы жалған төлқұжатпен Қырғызстаннан Қазақстанға өтпек болған үш Түркия азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, Түркия азаматтары төлқұжаттық бақылаудан өту кезінде шекарашыларға Түркия Республикасының арнайы қызметтік төлқұжаттарын көрсеткен.

Алайда, шекара жасағы ұсынылған құжаттардың бір бөлігінің қолдан жасалғанын анықтаған.

Жіті тексеру кезінде Түркия азаматтарының Қырғызстанға шынайы құжаттармен келгені анықталды. Бірақ, олар елден жасанды төлқұжаттарды заңдастыру мақсатында басқа құжаттармен шықпақшы болған.

Ұсталушылар Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тапсырылды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT