+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркия әуежайларында COVİD-19 тестілеу орталықтары ашылады

2020 жылғы 24 маусым 20:00
Бөлісіңіз:
Түркия әуежайларында COVİD-19 тестілеу орталықтары ашылады

АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 шілдесінде Түркияның барлық ірі әуежайларында коронавирус инфекциясын анықтайтын тест-орталықтар ашылады, қалған әуе айлақтарында мұндай нысандар 15 шілдеден бастап жұмыс істемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Францияда жастар арасында індет жұқтырғандар көбейді

Бұл туралы Түркия мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой «Анадолы» агенттігі редакторларының дөңгелек үстелінде мәлім етті.

Министрдің айтуынша, пандемия кезінде ел тұрғындары мен қонақтарының денсаулығын қорғауға ерекше мән беріледі.

«Қауіпсіз туризм» сертификатын алуға 727 қонақүй мен 900 мейрамхана өтініш жасады, деп атап өтті мәдениет министрі.

«Түркия COVID-19-дан қорғану шаралары шеңберінде еуропалық деңгейдегі сертификатталған объектілердің саны бойынша ең қауіпсіз ел», - деді ол.

Түркия туризм министрі пандемияның елдің туристік индустриясы мақсатына кедергі келтірмегенін атап өтті.

«2023 жылы Түркияда туристер саны - 75 млн адамға жетіп, туризм саласынан түсетін табыс – 65 миллиардты құрауы тиіс. Біз пандемиядан кейін туризм саласы тез қалпына келеді деп үміттеніп отырмыз», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT