Түркия астанасында тұңғыш рет Қарағанды джаз оркестрі өнер көрсетті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркияның Анкара, Ескишехир және Газиантеп қалаларында Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Қарағанды джаз оркестрінің концерттері өтуде.

9 қаңтарда Анкарадағы Президенттік симфониялық оркестрдің концерт залында джаз оркестрінің бірінші концерті үлкен аншлагпен өтті.

1998 жылдан бері оркестр елімізде және шет елдерде көптеген джаз фестивальдеріне қатысуда, дипломант және лауреат болып табылады. Оркестрдің джаз музыкасынан репертуары өте бай, ол жыл сайын, соның ішінде қазақ композиторларының туындыларымен толықтырылып отырады. Қарағанды джаз оркестрінің бас дирижері - Игорь Андрейченко.

Оркестрдің концерттері сонымен бірге Ескишехир (10 қаңтарда) және Газиантеп (12 қаңтарда) провинцияларында өткізіліп, түрік көрермендеріне қазақстандық және шетел композиторларының ең үздік джаз туындылары ұсынылатын болады.

Түрік көрермені қазақстандық топтың өнеріне тәнті болды және джаз шеберлігінің ерекшелігін, асқан шеберлікпен орындау өнерін лайықты бағалады

Соңғы жаңалықтар