Түркия әскері «қауіпсіз» телефондармен қамтылады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия компаниялары әскери операциялар кезінде пайдалануға арналған «қауіпсіз» телефондар шығару жобасына күш салып жатыр. Бұл жайлы Анадолы агенттігі хабарлайды.

Түркия армиясына жуырда «қауіпсіз» телефондар жеткізіледі. Алдымен оларды лаңкестікке қарсы операцияларға қатысушылар немесе аса маңызды тапсырмаларды орындайтын әскери қызметшілер пайдаланады.

Түркия қарулы күштері қызметкерлері «қауіпсіз» телефондар арқылы аудио және видеохабарламалар жіберіп, sms-топтар құру, өздерінің координаттары туралы деректер жіберу мүмкіндігіне ие.

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, «қауіпсіз» телефондар шығару жобасы Түркия компанияларының күш салуымен іске асырылып жатыр.
Бұдан тыс, сериялық «қауіпсіз» спутниктік телефондарды шығару да жоспарда бар, ол да жаңа жобаның құрамдас бөлігі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар