+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Түркия, Англия, Нигериядағы этникалық қазақтардың қатысуымен жиын өтті

2020 жылғы 12 қыркүйек 09:25
Бөлісіңіз:
Түркия, Англия, Нигериядағы этникалық қазақтардың қатысуымен  жиын өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Түркия, Англия, Польша, Нигерия және Ресей елдеріндегі этникалық қазақтарының қатысуымен «Ұлы Даланың ұлы тілі» атты онлайн бейнеконференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық мәдениет бөліміне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Баланың танымын қалыптастыратын мультфильмдердің бәрі қазақ тілінде болуы тиіс – Елизавета Седышева Қазақтың сөз құдіреті ұлттық классикалық әндердің мәтінінде жатыр – Денис Яковлев Молдаван қызы: Қазақ тілінде жазылған ғылыми материалдар мен әдебиеттер жеткіліксіз

Бейнеконференцияда сөз сөйлеген «Ата-Мекен» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымының жетекшісі Сәрсенғали Құспанов тіл – бұл ұлттың мақтанышы екенін атап өтті.

Сонымен қатар, бейнеконференцияға Түркияның Анкара қаласындағы Gazi Üniversitesi студенті Балауса Балшық, Нигерия мемлекетінің тұрғыны, тіл маманы Абдулл Керим және Польша тұрғыны Лашын Тұрапбаев өздерінің пікірлерін білдірді.

Онлайн шарада тіл адамзаттың байлығы, өнер, мәдениет және ғылымда тіл арқылы жоғары жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы айтылды.

Бейнеконференция барысында «Тіл халық қазынасы» атты көрме, интерактивті тақтада «Тілім – менің өзегім» бейнеролик, Абай мен Ахмет Байтұрсынұлының тілге қатысты айтқан даналық сөздері ұсынылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT