Түркия 500 мыңнан астам қазақстандық туристі күтуде

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Түркия ағымдағы жылы 500 мыңнан астам қазақстандық туристі күтуде. Бұл туралы Алматыдағы «Туризм және саяхат» халықаралық көрмесіне  келген Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің өкілі Дженгиз Айдын мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Оның сөзіне қарағанда, Түркияның экспозициясы 215 шаршы метрге орналасқан. Көрмеге 15 ірі түркі отелі мен қонақүй топтары ұсынылды.

Түркия Қазақстанмен туризм саласы бойынша ынтымақтастықты басымдықты бағыт деп есептейді.

Дженгиз Айдынның айтуынша, көрме аясында Қазақстанның туристік саласындағы өкілдермен кездесулер болған.

«Кездесулер табысты өтті. Қазақстан туризм бойынша Түркия нарығы үшін маңызды. 2017 жылы Түркияға Қазақстаннан 425 мың турист барған. Ал ағымдағы жылы Қазақстаннан 500 мыңнан астам туристі күтудеміз»,- деді Айдын.

Министрлік өкілінің сөзінше, Қазақстан азаматтары Түркияда демалуға үлкен қызығушылық танытады. 

Соңғы жаңалықтар