Түркия 136 тонна пахлава экспорттаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия сегіз айдың ішінде 18 елге пахлава экспорттаған, олардың арасында АҚШ, БАӘ, Швейцария мен Қытай бар, деп хабарлайды «Анадолу» агентігі.

Түрік тәттілерінің бүкіл әлемге танылғаны баршамызға белгілі. Пахлава шығыс тәттілерінің тізімінде ерекше орынға ие. Ол әлемнің көптеген елдерінің арасында аса танымалдылыққа ие.

Оңтүстік-шығыс Анатолия экспортшылар одағының (GAIB) басшысы Абдулкадир Чыкмаз Түркияның 130 тонна пахлава экспорты 1,477 миллион долларды құраған. Оның айтуынша, Түркия 2016 жылы 13 елге 136 тонна пахлава экспорттап, 1,5 миллион доллар табыс тапқан.

Биылғы сегіз айдағы пахлава экспорты былтырғы көрсеткішке жақындап қалған. 2017 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша түрік пахлавасын импорттау бойынша АҚШ бірінші орында тұр. Аталмыш елге 36 тонна өнім жеткізілген.

Кейінгі орынды БАӘ, Сауд Арабиясы мен Германия иеленген. Түркия пахлавасы импорттаушы елдерге Әзербайжан, Ирак, Катар, Грузия, Болгария, Израиль, Иордания, Сирия, Кувейт, Қытай, Швейцария, Австралия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Палестина кіреді. 

Соңғы жаңалықтар