Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы бастаған делегация Қырғызстанға сапар жасады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 15 маусым. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 13-15 маусым күндері Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Халил Акынжы бастаған делегация Қырғызстанға сапармен барды.

Құрамында Бас хатшының орынбасары Дархан Қыдырәлі және жоба менеджері Нұрлан Сүйерқұлов болған делегация сапар барысында Қырғыз Республикасының мемлекет басшыларымен және  ресми ұйымдарымен кездесу өткізді.

13 маусымда Қырғыз Республикасының Президенті Алмасбек Атамбаев Түркі кеңесі делегациясын қабылдады. Делегация басшысы Түркі кеңесінің 1-ші Саммитінен кейін жасалған жұмыстар туралы, әсіресе  экономикалық ынтымақтастық саласында жүзеге асырылған істер туралы ақпарат берді. Президент өз кезегінде маңызды бағыттарды белгілеп, аталған бағыттарды ескеру қажеттігін атап өтті. Оған қоса, кездесу барысында Түркі кеңесі екінші саммитінің күн тәртібі  мен оны даярлау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, сапар барысында Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Р.Қазақбаевпен, Білім және ғылым министрі К.Сыдықовпен, Мәдениет және туризм министрі И.Жүнісовпен кездесулер өткізілді.

15 маусымда Түркі кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынжы Түркілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ІІІ кездесуінде Тұркі кеңесіне мүше мемлекеттер Парламенттерінің спикерлері, халықаралық ұйымдардың басшылары және кездесудің қатысушылары алдында сөз сөйлейді.  

Оған қоса, Қырғызстан Премьер-Министрі О.Бабановпен, Экономика және монополияға қарсы саясат министрі Т. Сарыевпен кездесулері күтілуде.

Соңғы жаңалықтар