Түркітілдес мемлекеттерден келген жас музыканттар тұңғыш рет "Doğuş" балалар симфониялық оркестрінің құрамында өнер көрсетті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ -    ТҮРІКСОЙ-дың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттерден келген жас музыканттар 21-26 қаңтар аралығындаТүркияда дәстүрлі түрде өткізілетін "Doğuş" балалар симфониялық оркестрінің» концертіне қатысты.

Олар әлемге танымал Верди, Штраус, Моцарт, Россини сияқты композиторлардың шығармаларын орындады.

  «Doğuş» балалар симфониялық оркестрі Түркияның Кония, Нигде және Кайсери калаларында концерт қойды.

Бұл жолғы өнер кешіне жас музыканттар құрамында Қазақстан, Әзербайжан,  Түркия,  Түрікменстан, және Татарстаннан келген 90 бала өнер көрсетті.

ТҮРІКСОЙ-ға мүше мемлекеттерден келген  жас музыканттардың бұл жобаға қатысуы, ТҮРІКСОЙ мен Доғуш тобы арасындағы  өнер саласында жасалған қарым-қатынастардың алғашқы қадамдары болып отыр.

Соңғы жаңалықтар