Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Халил Акынжы ТҮРКІСОЙ-да болды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы  Халил Акынжы Халықаралық  ТҮРКІСОЙ ұйымында болды. 

ТҮРКІСОЙ  ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновпен кездескеннен соң Акынжы  ұйымның аймақтағы өкілдері және қызметкерлерімен жүздесті.

Х. Акынжы ТҮРКІСОЙ-дың өте маңызды мәдени іс-шараларға қатысқанын еске ала отырып, Түркі кеңесі ретінде, ТҮРКІСОЙ-дың зерттеулеріне қолдау көрсетуге дайын екендіктерін атап өтті.

 Х.Акынжы сонымен қатар, Түркі мәдени қорын құруды жоспарлағандықтарын және бұл қор көмегімен  Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының жұмыстарына  қолдау көрсетуді мақсат еткендерін жеткізді.

Сондай-ақ  түркі мемлекеттерінің сыртқы саясаттағыдай білім және мәдениет салаларында да серіктестікті қамтамасыз ету керек екендігін, ортақ термин комитеті құрылатындығын айтқан Акынжы, «біз тіліміздің шектеусіздігін жариялауға тиіспіз» деген пікірін білдірді.

Соңғы жаңалықтар