Түркітілдес халықтар арасында салыстырмалы терминологиялық сөздік жасау маңызды

None
None
ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Түркітілдес халықтар арасында салыстырмалы терминологиялық сөздігін жасау маңызды.

Астанада «Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында «Түркі тілдерінің терминжүйелерін тіларалық біріздендірудің бүгіні мен болашағы» тақырыбында баяндама жасаған Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрманбайұлы осылай мәлім етті.

«Түркітілдес халықтардың барлығында терминологиялық қоры, терминжасам жүйесі тұтастай жетілген деп айта алмасымыз анық. Әсіресе, Ресей құрамындағы түркітілдестердің терминдері соңғы бір ғасырда ешқандай да жетілмегені, байымағаны шындық. Ондай мүмкіндік болмады. Сондықтан да, түркітілдес халықтар арасында салыстырмалы терминологиялық сөздігін жасау маңызды. Осы арқылы қай халықтың терминологиясы қай деңгейде дамығанын көру мүмкіндігіне ие боламыз», - дейді Ш. Құрманбайұлы.

Комитет төрағасының айтуынша, салыстырмалы терминологиялық қор жасаудың маңызы зор. «Осыдан бір ғасырға жуық бұрын қолға алуға тиісті шаруаны біз объективті және субъективті себептермен «ештен кеш жақсы» деп енді ғана қолға алғалы отырмыз. Біз алдағы термин шығармашылығында тәжірибе бөлісумен өзара термин алмасу жайын ойласуымыз керек. Ғалымдар мәліметіне сүйенсек, әрбір 25 жылда ғылыми пәндердің саны 2 есеге артып отырады. Ендеше жаңа салалардың баршасындағы терминологияны қалыптастыруда бізге бірлесе жұмыс атқару керек. Тіларалық біріздендірудің болашағы да осында», - деген комитет төрағасы осы орайда Түркия Ақпараттық технология қоғамының ІТ терминологиясы мәселесін уақытылы көтеріп отырғанын атап өтті.

«Кезіндегі Кеңес одағының құрамында болған түркітілдес мемлекеттер термин қабылдаудың бір ғана көзі ретінде орыс тілін танып қалған дәстүріне жүгіне бермей, ІТ терминологиясы саласында түрік тілінде жасалған туыстас тілдің тәжірибесіне ерекше ден қою қажет. Расында, ІТ технология саласының терминдерін өз тілінде жасаған жалғыз Түркия ғана. Бұл тәжірибе түркітілдестер арасында кеңінен тараса игі», - деді Ш. Құрманбайұлы.

Соңғы жаңалықтар