Түркітілдес елдер Медиа-форумына келген БАҚ өкілдері Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымына барады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Бүгін Анкара қаласында орналасқан Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымына «Түркітілдес елдер медиа-форум» қатысушылары баратын болады.

Түркі дүниесінің мәдени ынтымақтастығын нығайтып және түркі мәдениетін әлемге әйгілі етуді мақсат еткен Халықаралық Түркі Мәдениет Ұйымы- ТҮРКІСОЙ , бұл тұрғыда баспасөз бен БАҚ-қа үлкен жауапкершілік артылып отырғанына сенім білдіруде.

Осыған орай, ТҮРКІСОЙ -дағы түркітілдес медиа өкілдерінің кездесуінде, ТҮРКІСОЙ ұйымының қызметі баяндалып, түркітілдес елдердің БАҚ -ның ынтымақтастық мүмкіндіктерінің қарастырылуы жоспарланып отыр.

Түркия Республикасы Үкіметінің бұқаралық ақпарат және баспасөз бас басқармасы (BYEGM) мен Түркия СІМ -нің Стратегиялық зерттеу орталығының (SAM) бірлесіп ұйымдастыруымен болып өткізілген Түркітілдес елдер Медиа-форумына Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Солтүстік Кипр елдерінің БАҚ өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар