Түркітілдес елдер арасында ақпараттық технология саласындағы ортақ терминология қалыптастырудан ұтарымыз мол - Н. Күлейін

None
None
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Түркітілдес елдер арасында ақпараттық технология саласындағы ортақ терминология қалыптастырудан ұтарымыз мол. Астанада «Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында сөз сөйлеген Түркия Республикасы Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша жұмыс тобының төрағасы Незих Күлейін осылай мәлім етті.

«Ақпараттық ғасырда өмірге жаңа келген технологияның шапшаң тарауы мен қолданылуына байланысты терминологияны ілестірудің де маңызы зор. Бұндағы туыстас тілдердің жұмысына қойылатын талаптар да зор. Оның үстіне тркітілдестер арасындағы ақпараттық сала бойынша ынтымақтастықтың басты факторы өзара әңгімеде бір-бірін жете ұғынысуға байланысты. Сондықтан да, ақпараттық технология мәдениетін дамыту ортақ терминологияны қолданумен тығыз байланысты», - дейді Н. Күлейін.

Оның айтуынша, дәуірдің жылдам дамуына орай ғылымның жұрт үшін қауіпті бағыты да баршылық. Өйткені шапшаң дамыған технологиямен бетпе-бет келу барысында терминология саласы үйлесімді дами алмаса, қандай да болмасын жұрттың болмыстан келе жатқан ерекшеліктері жұтылып кетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар