«Түркістаным - Тұраным» атты бұқаралық марафон өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай облыс орталығында «Түркістаным - Тұраным» атты бұқаралық марафон өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен тұңғыш рет ұйымдастырылған жарысқа облыстың барлық аймағынан 1000-нан аса тұрғын қатысып, жеңімпаздар анықталды.

Алдымен марафонға қатысушыларды облыстық спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев құттықтап, үздіктердің жеңіске жетуін тіледі. Марафон Парасат саябағынан басталып, Қазыбек би көшесі арқылы Есімхан алаңында аяқталды. Жалпы 5 шақырым қашықтықты құрайтын марафонға 5 жастан 75 жасқа дейінгі тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.
null null null

Тартысқа толы бәсекеде мәре сызығын бірінші болып кентаулық Ардагер Захитдинов кесті. Ол қарсыластарын атшаптырым жер артқа тастап, мықтылығын дәлелдеді. Ал, екінші орынды Ақтілек Құралбай иеленсе, үшінші орынды Бақдаулет Абдужамал еншіледі.

Одан бөлек, марафонға қатысқан ең жас 5 спортшы мен жасы 70-тен асқан 5 марафоншыға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.

null null null null

Соңғы жаңалықтар