Түркістанның жасыл белдеуі ұлғайғанда экология жақсара түседі

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласы, Сауран және Отырар аудандарында 15079,23 га аумаққа әртүрлі ағаш-бұта көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық компаниялардан аударылған қаржыға аумақтарға сексеуіл тұқымы себіліп, жапырақты ағаш пен сексеуіл отырғызылды. Сондай-ақ аумаққа орман шаруашылығы жолдары салынып, тік ұңғымалар қазылып, суғару жүйесі жүргізіліп, жасыл желектер қоршалды. Алдағы уақытта аталған жұмыстар тұрақты жалғасады.

Қазіргі таңда «Казгидромет» мекемесінің мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Атқарылған жұмыстарға жергілікті тұрғындар оң бағаларын беруде. «Жасыл белдеудегі» 15079,23 га жерге көшет егіліп, күтіп-бапталып жатыр. Алдағы уақытта бұл аумақты 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Осы орайда жоспарды толық орындау мақсатында аталған аудандарда жер тапшылығы болған жағдайда халыққа зияны тимейтіндей шешім қабылданып, жергілікті жерлерге орман екпелерін егу қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар