+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Түркістанның Сайрам ауданында тігін фабрикасы ашылды

2019 жылғы 28 наурыз 15:31
Бөлісіңіз:
Түркістанның Сайрам ауданында тігін фабрикасы ашылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы киімдерді, төсек жабдықтарын тігетін «АХБК» тігін фабрикасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен іске қосып отыр. Жоба құны - 1 млрд 200 млн теңге. Нәтижесінде 100-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен.

Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.


null
null

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT