Түркістанның мас тұрғыны ұрлап мінген жүк көлігімен аялдаманы соқты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанның ішімдік ішкен тұрғыны жолда тұрған жүк көлігін ұрлап кетіп, аялдамаға соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің үстінен «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз иеленіп алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын жарты миллион теңгені құрап отыр.

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа ұрлық қылмысын жасағанын да хабарлады.

«Күдікті мамыр айында Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде жергілікті тұрғынның ақшасы мен құны 80 мың теңге шамасында тұратын ұялы телефонын тартып алған. Аталған жайт бойынша оның үстінен «Тонау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тонау және автокөлік ұрлығына қатысты тергеу материалдары сотқа жолданған», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар