Түркістанның бір ғана ауданында 600 адам мемлекеттік грант алған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Түркістан облысының Түлкібас ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 616 азамат мемлекеттік грантқа қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде, 98-і өз қаржысын мол өнім алу мақсатында тамшылатып суару құрылғысын орнатуға жұмсаған. Қалған азаматтар жеке кәсіптерін ашты.

«Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспары» бойынша ауданда өткен жылы 2676 азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама шеңберінде 60 азамат кәсіптік білім алса, 154 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына, 245 азамат жастар практикасына жолданды», - делінген Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар