Түркістанның бас жоспарына халықаралық байқау жарияланды
Аталған комиссия облыс әкімдігімен бірлесе отырып, осындай халықаралық байқау жариялап отыр. Конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады. Байқауда Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер қабылданатын болады. Шараның өту мерзімі 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығында деп белгіленіп отыр. Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Ал, жүлде қоры 40 млн теңгені құрап отыр. Атап айтқанда бірінші орын 25 млн теңге деп белгіленсе, екінші орынға 10 млн теңге берілмек. Үшінші орын алған 5 млн теңгеге қол жеткізеді. Байқауға қатысу үшін Turkestangenplan.kz сайтын қарап не болмаса https://goo.gl/forms/Hgib4INFc0tAqIsH3 арқылы тіркелуге болады. Онда тиісті талаптар мен шарттары көрсетілген.