Түркістаннан Талдықорғанға ұшақ қатынайды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан халықаралық әуежайы «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытымен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайдан 15 бағытта рейстер қатынай бастады. Ал, «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытының билет құны – 8000 теңгеден басталады.

Бүгінде әуежайдан халықаралық және ішкі бағыттар бойынша әуе рейстері орындалуда. Олар:

1) «Түркістан-Ыстанбұл» – аптасына 4 рет (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

2)«Түркістан-Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

3)«Түркістан-Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

4)«Түркістан-Нұр-Сұлтан» – күнделікті;

5)«Түркістан -Алматы» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);

6)«Түркістан-Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

7)«Түркістан-Семей» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

8)«Түркістан-Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

9)«Түркістан-Қарағанды» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

10)«Түркістан-Көкшетау» - аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

11)«Түркістан-Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

12)«Түркістан-Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

13)«Түркістан-Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

14)«Түркістан-Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

15)«Түркістан-Талдықорған» - аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі).

Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан және басқа да қосымшалардан білуге болады.


Соңғы жаңалықтар