+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Түркістаннан Қазақстанның 11 қаласына әуе рейстері ашылмақ

2021 жылғы 15 шілде 16:37
Бөлісіңіз:
Түркістаннан Қазақстанның 11 қаласына әуе рейстері ашылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласынан Қазақстанның 11 қаласына рейстар ашылмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған адамдар саны екі есеге төмендеді

«Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту және Түркістан қаласы әуежайының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарға конкурс өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары «CRJ2», «B-737», «Q400» әуе кемелерімен орындайтын болады», - делінген хабарламада.
Алғашқы рейстердің басталуы ағымдағы жылдың 15 шілдесіне жоспарланған, осы бағыттар бойынша билеттердің құны 16-25 мың теңгені құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT