Түркістаннан елдің солтүстігіне 500-ден астам отбасы қоныстанды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысынан солтүстік өңірлеріне соңғы төрт жылда 500-ден астам отбасы қоныстанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақта тұратын 30-дан астам отбасы Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударды.

Солтүстік өңіріндегі жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында ұйымдастырылған шараға түркістандықтар белсенділік танытуда. Оңтүстікте екі қолға бір жұмыс таппағандар өз еріктерімен солтүстікке қоныс аударып, ондағы биліктің қолдауларын сезінуде.

Сала мамандарының сөзінше, ол жақта тұрғындарға мал, егін шаруашылығымен айналысуына толық жағдайлар жасалмақ. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен кәсіпкерлері де бұл азаматтарды жұмыспен қамтитын болады.

Соңғы жаңалықтар