Түркістаннан алғашқы халықаралық авиарейс қай елге ашылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан халықаралық әуежайынан ең алғашқы шетелдік рейс Түркия еліне ашылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әуежай салынды. Толық қолданысқа берілді деп айтуға болады. Үлкен, керемет әуежай. Оның ұшып-қону жолағының ұзындығы 3 300 метрді құрайды. Барлық халықаралық стандартқа сай келеді. Сонымен қатар терминалы да жақсы салынған. Шетелдік болсын, ішкі болсын барлық рейске қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар», - деді өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Түркістан халықаралық әуежайынан шетелдік және ішкі рейстер қашан жолға қойылатындығын айтты.

«Рейстердің ашылуы пандемияға байланысты. Пандемия сәл бәсеңдесе бірінші Түркияның Ыстанбұл қаласына рейс ашылады. Одан кейін Меккеге ашылуы мүмкін. Оны енді уақыт көрсетеді. Ал 1 желтоқсаннан бастап күнделікті ішкі рейстерді бастаймыз. Бұғанда пандемия әсер етуі мүмкін. Бірақ бастаймыз», - деді Өмірзақ Шөкеев.


Соңғы жаңалықтар