Түркістанға Түркиядағыдай қонақтар неге ағылмайды: Түймебаев себептерін айтты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы жоғары туристік потенциалға ие. Сол мүмкіндікті пайдалана алмай келеміз. Саланы көтеру мақсатында тиісті шараларды қолға алуымыз керек. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Жансейіт Түймебаев туризм саласының өкілдерімен өткен жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, басқосуға аймақтық басқарма басшылары, туристік агенттіктер, тарихи, мәдени орталық жетекшілері мен қолөнер шеберлері қатысты. Олар аталған саланы дамыту жайында ұсыныс-пікірлерін білдірді.

null«Біздің облыста туристер қызығатын тарихи және мәдени нысандар өте көп. Тамаша табиғатының өзі бір төбе. Солай бола тұра, неге бізге Түркиядағыдай туристер ағылмайды. Себебі, қонақтарға көрсетілетін қызмет тиісті деңгейде жасалмаған. Міне, осы кемшіліктерді жоюымыз керек. Яғни, әуежайдан бастап қонақ үй, сервис, дәмхана, гидтерге дейін жоғары дәрежеде қызмет көрсететін болса, келушілердің қатары арта түседі. Сол үшін шетелдік әріптестермен жан-жақты тәжірибе алмаса отырып, қонақ күтудің озық үлгілерін үйренуіміз керек», - деді Жансейіт Түймебаев.

nullСондай-ақ, өңір басшысы туристік индустрияны дамыту мақсатында арнайы бағдарлама құрылатынын айтты. Осының негізінде туристік нысандардағы инфрақұрылым мәселесі шешіліп, сервистік қызметті жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылмақ.
Одан бөлек, облыс әкімі Шардара ауданында халықаралық туристік фестиваль өткізуді тапсырды. Шетелдік туристік агенттіктер қатысатын шараның мақсаты - шағалалы Шардарадағы демалыс аймақтарын әлемдік деңгейде насихаттау.
Өз кезегінде туристік агенттіктер қауымдастығының төрайымы Гүлмира Ақбердиева сервистік қызмет көрсетуге үйрететін орталық ашуды ұсынды.

Жиnullын барысында облыс орталығы - Түркістан қаласының даму жоспары да кеңінен талқыланды. Аймақ басшысы Қ.А.Ясауи кесенесінің маңына ескі шығыстық үлгідегі ғимараттардың бой көтеретінін айтты.

  null

Соңғы жаңалықтар