Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты - Президент

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты. Бұл туралы Президент Түркістан жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің қасиетті Түркістанға ықыласым ерекше екенін білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды дәл осы жерден бастаған едім. Содан бері мұнда көптеген оң өзгеріс болды.

Соңғы жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты. Қаланың инфрақұрылымы жаңғырып, жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Атап айтқанда, 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынды. Шаһар жасыл желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарды. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Түркістан – еліміздегі ең басты туристік орталықтың бірі. Осы аймаққа келіп жатқан көптеген меймандар – соның айқын көрінісі. 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келген.


Соңғы жаңалықтар