Түркістанға саяхаттаушылардың саны 2,5 млн адамға жетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай Түркістанға саяхаттап келушілердің саны 2,5 млн адамға жетеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында облыс басшысы Ахмет Яссауи кесенесіне келушілердің саны осы уақытқа дейін күніне ары кеткенде 1,5 мың адамды құрап келгенін баса айтты.

«Қазір күніне 7,5-8 мың адам келеді. «Керуен сарай» қалай өсіп келе жатқандығын көріп отырмыз. Мұның барлығы да ішкі туризмнен орын алуда. Қызылорда, Шымкент және өзге де қалалардан келіп жатыр. Бірақ, өзге елдерден әзірше келушілер жоқ. Біздің мақсатымыз – 2025 жылға қарай туризмді 2,5 млн адамға жеткізу. Меніңше, қазіргі даму динамикасына қарасақ, қол жеткізуге болатын меже», - деді Өмірзақ Шөкеев.


Соңғы жаңалықтар