+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Түркістанға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді

2020 жылғы 6 маусым 18:58
Бөлісіңіз:
Түркістанға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан қаласына Өзбекстаннан үш жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек келді. Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің тапсырмасы аясында жіберілген керуенді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған топ қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысына Түркиядан гуманитарлық жүк жетті Катардан келген гуманитарлық көмек қалай таратылады – «СК-Фармация» жауабы Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді

Арнайы шараға қатысқан Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С.Ниязходжаев сын сағаттарда бауырлас елдер бір-біріне қолдау білдіру қажеттігін айтты. Оның сөзінше, көмек керуенінде 150 мың медициналық бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 кереует бар. Көрші елден келген көмекке облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Аталған көмек алдағы уақытта Түркістан облысының барлық медициналық мекемелеріне үлестірілмек.

Айта кетейік, бұған дейін су тасқыны орын алған Мақтаарал ауданына да Өзбекстаннан көмек қолы жеткен болатын. Көрші елдің азаматтары елдімекендерде су сору жұмыстарын жүргізіп, аумақты күл-қоқыстардан тазартқан болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT