«Түркістанға оралу» атты түркі халықтары этно-өнер фестивалі өтіп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда алғаш рет «Түркістанға оралу» түркі халықтары этно-өнер фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін басталған фестивальдегі концертте түркітілдес халықтарының этнофольклорлық ансамбльдері мен дәстүрлі орындаушылары, ұлттық аспапта жеке орындаушылар өнер көрсетті. Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері де көрермен назарына ұсынылды.null

Айтулы шара «Түркістан - Түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер одағының ІV Бас ассамблеясы мен Түркі кеңесі жас көшбасшыларының ІІ форумы аясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірігіп ұйымдастырылды.

«Этно-өнер фестивалінің басты мақсаты - түркітілдес елдер арасындағы бауырластық байланыс пен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу, қазақ және түркітілдес халықтардың дәстүрлі музыкасын жан-жақты жеткізу, дауыстық және аспаптық шығармашылықтың өркендеуіне, сирек ұшырасатын аспаптарда орындалатын жанрлардың жаңғыруына және дамуына, қолдау көрсету, олардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және дәстүрлі өнерді насихаттау болып табылады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, өнерпаздардың басын қосқан мерекелік концерт ертең гала-концертпен аяқталады. null null null null null

Соңғы жаңалықтар