Түркістанға көшетін қызметкерлердің жалақысы өседі - Жансейіт Түймебаев

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты облыс әкімі аппараты мен басқармалардың қызметкерлерімен кездесті. Жиында аймақ басшысы  Түркістан қаласының даму жоспарымен бөлісіп, көшіп баратын қызметкерлерге заң талаптары шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың түрлерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, Түркістан қаласына көшіп баратын мемлекеттік қызметкердің еңбек ақысына 20 пайыз қосылады. Ал, жұмыс кезеңі үшін төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы күнтізбелік 30 күнге қосымша экологиялық күнтізбелік 7 күн мерзімінде сауықтыру демалысы берілетін болады. Сонымен қатар, еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арналған төлемдердің үстіне бір айлық көрсеткіш көлемінде материалдық көмек беріледі. Осылайша мемқызметкер еңбек демалысы кезінде жалпы 3 материалдық айлық ақы алатын болады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар