Түркістанға келген турист 1 млн теңгесін таксиде ұмытып кетті

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістанға қыдырып келген қызылордалық қонақ 1 млн теңге салынған сөмкесін таксиде ұмытып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тек көлікті маркасы мен түсін ғана білетін ол ақшасының табылатындығынан үміттенбепті де. Сонда да жақын маңдағы полиция пунктіне барып көмек сұраған. Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы бірнеше сағат ішінде арызданушының сөмкесі қалып кеткен көлікті тапқан. Содан жоғалған сөмке мен ішіндегі ақшаны иесіне қайтарып берді.


«Тәртіп сақшыларына алғыс айтамын. Мен үмітімді үзіп едім. Иманды да ибалы жандар көп екен. Қаражатымды түгел қайтарып берді»- дейді қызылордалық тұрғын.

Соңғы жаңалықтар