Түркістанға келген халықаралық бақылаушылар референдумға дайындыққа жоғары баға берді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая бастаған топ 5 маусымдағы референдумның өтуін қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркия елінен арнайы келген бақылаушылармен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесті. Кездесу барысында қос тарап та референдумға дайындық жұмыстарының әділетті әрі ашық өтуіне мүдделі екендерін жеткізді.

Бауырлас екі елге ортақ қарашаңырақ – Түркістанға түркі жұртының ықыласы ерекше екенін айтқан облыс әкімі өңір экономикасының дамуына түрік инвесторларының үлкен үлес қосып жатқанын атап өтті.


Ал, Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая алдағы референдум қазақ халқына жемісті, табысты жақсы болсын деген тілегін жеткізді.

«Біз бауырлас мемлекет ретінде саяси науқан кезінде қазақ бауырларымыздың қасынан табылсақ, деген оймен келіп отырмыз. Нұр - Сұлтан қаласында ғана емес, көне Түркістан қаласында да бақылаушы ретінде қатысу ниетінде болдық. Орталық сайлау комиссиясының төрағасына алғыс айтқымыз келеді. Өйткені ұйымдастыру жоғары деңгейде болды»,– деді Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая.

Шетелдік дипломаттар Түркістан өңіріндегі жалпыұлттық референдумға дайындық барысымен танысып, оң бағалады.

Бүгінде облыста насихаттық жұмыстармен қатар, сайлау учаскелерінің саяси науқанға дайындығы да жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар