Түркістанға бір жылда 1,1 млн-ға жуық адам саяхаттады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанға бір жылда 1 миллионнан астам адам саяхаттап келген, оның 18 мыңнан астамы - шетелдік туристер. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Ғани Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Қожа Ахмет Ясауи, Үкаша ата, Гаухар ана кесенелері және Сауран қалашығы туристердің ерекше қызығушылығын оятатын тарихи нысандар болып отыр. Жылдан-жылға тарихи мәдениетімізбен танысу үшін арнайы келетін қонақтардың саны да артып келеді. Сәйкесінше оларға көрсетілетін ақылы қызмет аясында түсетін қаржылай табыстың да көлемі ұлғаюда. Жалпы, ақылы қызметтен түскен қаражат музейдің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қажеттіліктеріне, қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалады», - деді Ғани Ысқақов.



Қорық-музейіне келетін туристердің қатарын арттыра түсу үшін мұнда бірқатар шаралар жүзеге асырыла бастаған. Атап айтқанда, тарихи-мәдени ескеткіштерге «штрих-кодтар» орнату арқылы туристер смартфонның көмегімен нысан туралы қажетті мағлұматты ала алады. Сондай-ақ  ескерткіштердің «3D-тур» виртуалды жобасы да әзірленген. Яғни, әлемнің кез келген жерінен интернет желісі арқылы қорық-музейінің жәдігерлері жайлы толықтай ақпарат алып, ішін аралап көруге мүмкіндік туады.



Ал «Қожа Ахмет Ясауи қорық-музейінде жерленген хандар, сұлтандар, батырлар және билердің тізімі электронды форматта дайындалған. Бұған дейін аталған тізім жай ғана тақтайшаға жазылып келген. Қазіргі таңда қорық-музейдің жұмыс істеу кестесі, өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат келушілерге ғимараттың қасбетінде орналасқан «Led» экран арқылы ұсынылып отырады.

Соңғы жаңалықтар