Түркістандықтарға қарыздарына қарамастан коммуналдық қызметтер көрсетіле бермек

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында коммуналдық қызметтер тұрғындардың қарызына қарамастан, үздіксіз көрсетіле береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілеріне төтенше жағдай кезінде тұрғындардың қарызының болғанына қарамастан тұтынушыларға көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді көрсетуді тоқтатпауға кеңес береді. Атап айтқанда, жарық, су, газ беру қызметтеріне қарызы барлардың үйіне көрсетілетін коммуналдық қызметтер тоқтатылмайды. Егер де табиғи монополия субъектілері өз құзыреті шегінде төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетке барса, 8 72 533 4-25-33 телефон нөміріне хабарласып, шағымыңызды қалдыруға болады», - делінген Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар