Түркістандықтарға «Еnbek.kz» порталының қызметі түсіндірілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Жетісай ауданында ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне арналған отырыс өтті. Шараға өңірлік Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың және аудандардың басшылары, кәсіпорындар мен мекемелердің жетекшілері, мемлекеттік еңбек инспекторы және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен жұмыс сапасын жақсарту» атты Жолдауын орындау мақсатында ұйымдастырылған жиында тұрғындарға еңбек биржасы мен «Электрондық HR» жобасына қосылу мәселесі түсіндірілді. «Еnbek.kz» порталына тіркелу мен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай қызметі туралы кең көлемде ақпараттар берілді. Сондай-ақ, жиында жергілікті атқарушы органның халық табысының деңгейін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ең төменгі жалақы көлемі 42500 теңге болып белгіленді. Осыған орай Жетісай ауданында орналасқан 33 мекеменің 508 қызметкерінің жалақысы 42500 теңгеге теңестірілді. Қазіргі таңда өзге де кәсіпорындар мен мекемелердегі ең төменгі жалақы көлемін арттыру мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар