Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Түркістандықтар жергілікті көкөніс өнімін тұтынып отыр

2019 жылғы 19 сәуір 01:56 686
Бөлісіңіз:
Түркістандықтар жергілікті көкөніс өнімін тұтынып отыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан тұрғындары жергілікті жылыжайдың көкөніс өнімін тұтынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында орналасқан «Ерасыл»  жылыжайында  қыс мезгілінде қызанақ, қалған уақытта болгар бұрышы өсіріледі. Өндірілген өнім «Яссы» көкөніс базарына көтерме бағада саудаланады. Жылыжайдың жылдық өнім алу қуаттылығы шамамен 45 тонна болгар бұрышы, 35-40 тонна қызанақ. Өз кәсібін кеңейткен жеке кәсіпкер Ерғали Жолдасбеков түркістандық тұрғындарды таза табиғи өніммен қамтып отыр.

Жылыжай жалпы аумағы 1,2 гектар жер телімінде орналасқан. Ал, жұмысшылардың жалақы мөлшері - 60-70 мың теңге көлемінде. 

Отбасылық кәсіпті Ғани және Мәди есімді ұлдары жандандыруда. Іскер әкенің тынымсыз еңбегін үлгі тұтатын перзенттері шаруашылықтағы күтіп-баптау жұмыстарына дейін өздері жасауға машықтанған. Жылыжайда тамшылатып суару әдісін қолдану жолға қойылған. Бүгінде мұнда 30 мың түп болгар бұрышы егілулі. Ақпан айының ортасында егілген алғашқы  көшеттерді күні ертең жиып-теру  жұмыстары басталмақ.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT