Түркістандықтар Өзбекстанның қоқыс полигонындағы түтінге екі жыл тұншығып келген

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес ауданында Өзбекстанның қоқыс полигонынан келетін түтіннен зардап шеккен ауылдың мәселесі оң шешімін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі елдің шекарасында орналасқан Алпамыс батыр ауылы тұрғындарының проблемасын шешуге «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы араласқан.
Партияның аудандық филиалына түскен хатта ауыл округінің Өзбекстан Республикасының қоқыс полигоны түтеп, халықтың далада демалудан қалғаны айтылған болатын. Аталған мәселе бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков Өзбекстанның Ташкент ауданы әкімінің орынбасары Р.Хайдаровпен хабарласып, қоқыс полигонындағы түтінді тоқтату мәселесін көтерді. Нәтижесінде үш күн мерзімде қоқыс полигонындағы түтін тоқтатылып, көрші ауылға тарамайтын болды. Өзбекстан тарапы алдағы уақытта да аталған келеңсіздікті жою мен оның қайталанбауы бойынша партияның аудандық филиалына хабарлап отыратынын жеткізген.
Айта кетейік, Алпамыс батырлықтар соңғы екі жыл көлемінде осы мәселені айтып, еліміздің Экология министрі мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұраған болатын. Алайда көрші елдің қоқыс полигонынан будақтаған түтін тоқтамаған еді.
- Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова
- Түркістанда сәуір айында жаңа мектеп пайдалануға беріледі
- Мақтаарал ауданында карантин күшейтілді
- Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған
-
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
-
Жамбыл облысында соңғы екі жылда парақорлықтың 110-нан астам фактісі тіркелді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам