USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Түркістандықтар Маңғыстау облысына 100 вагонға жуық жем-шөп жөнелтті

2021 жылғы 5 тамыз 18:35
Бөлісіңіз:
Түркістандықтар Маңғыстау облысына 100 вагонға жуық жем-шөп жөнелтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының жұртшылығы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қолдауымен 95 вагон (3 мың тоннаға жуық) шөпті Маңғыстау облысына жөнелтті. Бүгінгі таңда облыс әкімдігі ерікті жастардың, кәсіпкерлердің, жанашыр тұрғындардың ұйымдастыруымен мал азығы тапшылығы орын алған аумақтарға осылайша көмек қолын созуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау көрсеткіші жоғары Қазақстандағы ең мейірімді оқу орындары марапатталды Еліміздегі ең жас волонтер Алматы облысында тұрады

Атап айтқанда Арыс қаласынан – 17 вагон, Сарыағаш қаласының теміржол станциясынан – 51 вагон, Шымкент қаласынан – 18 вагон, Бадам ауылдық округінен – 4 вагон, Отырар ауданынан – 5 вагон шөп тиелген.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы қуаңшылық батыс өңірлерімен қатар, Түркістан облысының Келес, Сарыағаш аудандарының жыл сайын табиғи шөп оратын алқаптарына да әсер етіп, табиғи шөп бітік шықпаған. Алдағы қыс айларында мал азығының тапшылығын алдын алу мақсатында облыстағы орман қорының жерлерінен табиғи шөптерді орып алу ұйымдастырылуда, сонымен қатар Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал аудандары Шардара, Отырар аудандарының жайылымдарын пайдалану туралы меморандум жасалған.

Облыстың агроқұрылымдарына орман қоры жерінен жайылымдық және шабындық жерлер ұсынылып, биылғы жылдың 6 айында 545 агроқұрылымға 563 мың га жайылым жер, шөп шабуға 23 агроқұрылымға 1,5 мың га шабындық жер берілді. Осы орайда, облыстың мал азығы жағдайында талдау жасап, жағдайдың тұрақтылығына көз жеткізілген. Биыл өңірдегі мал басына қажетті 4 млн тоннаға жуық мал азығын толықтай дайындауға мүмкіндіктер бар. Оның ішінде 2,7 млн тонна жоңышқа, 134,6 мың тонна сүрлем, 71 мың тонна пішендеме және 945 мың тонна табиғи шөп жиналады. Бүгінгі күнге 3,2 млн тонна мал азығы жиналған. Аймақта мал шаруашылығы саласы тұрақты дамуда. Соңғы екі жылдың өзінде мал басы мен одан алынған өнім көлемі 10-15% артқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT