Түркістандықтар Құрбан айтты ұлттық нақышта атап өтеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы орталық мешіттерде Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық спортты ұлықтайтын іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді мен Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас имамның айтуынша, Қасиетті Құрбан айт биыл 11-і тамыз күнге сәйкес келіп отыр. Үш күнге жалғасатын мерекенің әлеуметтік маңызы зор. Айт намазы оқылып, құрбандық шалу ісі атқарылған соң, жамағат арасында қол күрес, кір тасын көтеру секілді түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылмақ. Тіпті, мешіттердің алдына орналастырылған батуттарда балалардың тегін көңіл көтереді.

Сондай-ақ, Арыс қаласындағы орталық мешітте ҚМДБ және «Зекет» қорының ұйымдастырумен құрбандық шалынып, жергілікті тұрғындарға тарату жоспарланып отыр.

«ҚМДБ-ның пәтуасымен бірінші айт мерекесін тойлап, Түркістан облысы бойынша сағат 7:00-ден 15 минут өткен уақытта Айт намазын оқитын боламыз. Құрбан айт мерекесі елді бірлікке, ынтымаққа, шақыратын, халықтарды жақындастыратын, игілік істерді мақсат тұтқан рухани мереке. Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Құрбан айт - мұсылманның ұлық мерекесі. Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында шамасы жеткендерге ғана уәжіп. Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады», – деді Түркістан облысының бас имамы М.Ақтамберді.

Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбековтың айтуынша биыл киелі шаһарда айт намазы 25 мешітте оқылатынын айтып өтті. Қаладағы үш мешітте құрбандық шалынып, тізім бойынша жағдайы төмен отбасыларға таратылмақ. Қазір әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімі жасалып жатыр.

Жиында облыстың бас имамы республика бойынша 3200-ден астам адам қажылыққа аттанғандығын жеткізді. Олардың басым бөлігін Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аумағының тұрғындары құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар