Түркістандықтар «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша көш бастап тұр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыруда көш бастап тұр. Өңірлік жобалау офисінің кезекті отырысында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бір ай бойы жүргізілген жүйелі және тынымсыз еңбектің арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткенін атап өтті , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мейіржан Мырзалиевтің сөзінше, өңірде құны 64,5 млрд теңгені құрайтын 206 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Бағдарламаны іске асыру барысында кәсіпкерлерді шарттармен таныстыру және кәсіпкерлер арасында белсенділікті арттыру мақсатында белсенді сату әдісі қолданылды. Бұл қаржы кәсіпкерлер үшін қолжетімді болмақ. Сондай-ақ, жобалау тобы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері аудандарда және қалаларда жергілікті кәсіпкерлермен жеке кездесулер өткізді. Бұл әдіс қысқа мерзім ішінде өз жемісін берді»,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінде аймақта аталған бағдарламаны жүзеге асыруда ілгерілеу байқалуда. Жалпы, 927 млн теңгені құрайтын 18 жоба қарауға түскен. Түркістан қаласының кәсіпкерлері белсенділік танытып, 36 жоба ұсынды. Бүгінде агроөнеркәсіп саласында жүргендер белсенділік танытуда. Яғни 206 жобаның 117-сі осы салаға тиесілі.

Агроөнеркәсіптік кешенге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жауапты екенін атап өткен жөн. Жеке кездесулерден соң 8,9 млрд теңгеге 16 жоба мақұлданды. Сондай-ақ, жиында «Даму» ККҚ АҚ филиалы тарапынан жобаларды уақтылы субсидияландыру мәселелері қозғалды. Облыс әкімінің орынбасары бұл тұрғыда филиал басшылығына пайыздар бойынша өтінімдерді жеделдетілген түрде қарастыруға тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар