Түркістандық жастар тұрғындарға медициналық маска таратты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастардан құралған арнайы еріктілер тобы коронавирус пандемиясының алдын алу шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар қала тұрғындары мен көше бойындағы қоғамдық жұмыста жүрген қызметкерлерге, құрылыс алаңдары мен аялдамаларда тұрған көпшілік қауымға 200-ге жуық медициналық қорғаныс бетперлерін таратты.

Жастар облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен қарттар үйін, мектеп–интернаттарына да осындай қолдаулар көрсетпек.

Сондай-ақ, жекелеген қарттар мен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға медициналық залалсыздандыру сұйықтықтары мен қорғаныс бетперделерін, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізу жұмыстарын қолға алып жатыр. Сақтық ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын үздіксіз жалғастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, өңірде короновирус қауіпінің алдын-алу және төтенше жағдайлар орын алған жағдайда шұғыл түрде жұмыстар жүргізу, халқымыздың қауіпсіздігін сақтау шаралары қолға алынған. Әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне көмектесу жұмыстарына ерікті кәсіпкерлер мен ерікті жастар да өз қолдауларын көрсетіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар