Түркістандық жастар блокбекеттердегі азаматтарға дәрі-дәрмектер жеткізіп берді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елдегі төтенше жағдайға байланысты түркістандық жастар блок бекеттердегі азаматтарға дәрі-дәрмектер жеткізіп берді. Бұл бастама Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды ӨазАқпарат тілшісі.

Іс-шара «Шымкент-Түркістан» тас жолындағы блок бекеттерде қаланың қауіпсіздігін, тыныштығын және тұрақтылығын күзетуші азаматтардың ауруға қарсы иммунитеттін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар короновирус инфекциясының жаңа штамы «Омикронның» өршуі мен бірқатар аймақтардың қызыл аймаққа енуі де себеп болды. Медицина саласы мамандарының арнайы нұсқаулығымен жинақталған дәрі-дәрмек қобдишалары блок посттарда тұрған әскерилер мен мамандарға жеткізілді.

«Арнайы дайындалған қобдишада вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерден бөлек витаминдер мен қосымша пайдалануға қажетті гигиеналық заттар бар. Қиын кезеңдерден мұқалмай өту үшін алдымен денсаулық маңызды. Сол себепті Президентіміздің «Күшіміз – бірлікте» ұранын алға тарта отырып, әскерилерге қолдау білдіруді жөн көрдік. Және осындай игі іске атсалысқан партия мүшелері мен белсенділеріне алғысымды айтамын. Бұл жұмыстар жалғасатын болады», – деді Jas Otan ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман.

Айта кетейік, жасотандықтар бұған дейін де блокбекеттердегі әскери қызметкерлерге ыстық тамақ жеткізіп, демеу білдірген болатын.



Соңғы жаңалықтар