Түркістандық тұрғыннан 1 мыңнан астам Трамадол дәрісі тәркіленді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының тұрғынынан құрамында есірткісі бар «Трамадол» препаратының 1 мыңнан астам таблеткасы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел шаралар барысында күдікті сатуға тыйым салынған дәріні Сарыағаш ауданының тұрғынынан алғаны анықталды.

Шұғыл іздестіру іс-шараларын жүргізген жедел уәкілдер Сарыағаш ауданының тұрғынын да анықтап, тыйым салынған препаратты сату кезінде қолға түсірді. Тәртіп сақшылары оның қалтасынан «Трамадолдың» 3 пластинасын тапты (әрқайсысында 10 таблетка). Тәркіленген дәрілік препараттың жалпы саны 1 мыңнан астам таблетканы құрады.

«Жинақталған материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы «Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ережелерді бұзу» бойынша тіркеліп, тиісті шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне тапсырылды» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар