Түркістандық түлектер көпбалалы отбасыға үй алып берді

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат –Түлкібас ауданының 20 жыл бұрынғы түлектері көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі баспана сыйлады. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп түлектері үйді көпбалалы Дүйсенбековтер отбасына табыстады. Отағасының мүгедектігі бар отбасы 13 жыл жалдамалы пәтерде тұрып келген. Мектеп қабырғасындағы өткен «Соңғы қоңырау» шарасынан кейін түлектер тосын сый жасап, кілтті отбасыға табыстады.

Баспана заман талабына сай жөндеуден өткен. Электр жарығы мен су және газын да қосып, ішін қажетті жиһазбен де қамтыған. Осы уақытқа дейін аудан әкімдігінің қамқорлығында болып келген отбасыға алдағы уақытта жомарт жандар мен мемлекет тарапынан басқа да көмектер көрсетілмек.

Бұдан өзге, аудандағы Қарағашты ауылында Дауан жалпы орта мектебінің дәл осындай 20 жыл бұрын бітірген түлектері төрт бірдей мүмкіндігі шектеулі жандары бар Тәжібаевтар отбасының құлап қалған үйін қайта тұрғызып, баспанасын жаңартып берген. Сондай-ақ, аталған мектептің түлектері Қарағашты ауылының орталық мешітінің жылу жүйесін жүргізіп, кілемдерін жаңартып берген.


Соңғы жаңалықтар