Түркістандық түлек ҰБТ-да 137 балл жинаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тестілеудің алғашқы күнінде ең жоғары 137 балл жинаған Сүйрік Қасым Түлкібас ауданының оқушысы екені мәлім болды . Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысында 130 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізген 3 түлек бар. Оның бірі 137 балл жинаған Түлкібас ауданының оқушысы Сүйрік Қасым болса, Ордабасы ауданының оқушысы Лаура Мұратбек пен Түлкібас ауданының оқушысы Аружан Меирбек 135 балл алған.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықованың мәліметі бойынша, алғашқы лектегі түлектердің ортақ балы 69,9 балды құраған.

«Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптарының бұзылуған жоқ. Барлық мектеп бітірушілер арнайы рамалы металіздегіштер арқылы өткізіліп, ұялы телефондар алынды. Қазіргі таңда 100 балдан жоғары жинағандар - 766 (20,9%) оқушы бар. Бүгін тағы 4 ауданда 1914 бала тест тапсырды», - дейді Ардақ Садықова.null

Соңғы жаңалықтар