Түркістандық студенттер өз ақшаларына азық-түлік алып, таратты

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында студент жастар өз қаражаттарына азық-түлік алып, мұқтаж отбасыларға таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде Түркістан облысы Төлеби ауданының волонтерлері әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы бірқатар отбасыға азық-түлік тауарларын таратты. Студент жастар мұндай игі іс атқару үшін өз қалталарынан қаржы жинап, оған күнделікті тұтынатын азық-түлік алған. Атап айтқанда, себетте ұн, макарон, күріш, қарақұмық, сұйық май, шекер және басқа да тауарлар болды. Ерікті жастар алдағы уақытта да сауапты іс жасауға ниетті азаматтардың басын қосып, мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуды жоспарлап отыр», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінен.


Соңғы жаңалықтар