Түркістандық спортшы теңге ілуден Қазақстан чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тараз қаласында байрағын көтерген Ұлттық ат спорты түрлерінен Қазақстан біріншілігінде теңге ілуден Рахат Қомбаров чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының хабарлауынша, биылғы теңге ілу чемпионатында 14 командадан 20 спортшы бақ сынады. Бұл елішілік бәсекеден тек Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары ғана тыс қалды.

Үш кезеңнен тұратын жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан мен Жамбыл облысының спортшылары жүлделі орындарды өзара бөлісті. Бас жүлде Түркістан облысының командасына бұйырды.

Теңге ілуден ХІІІ Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

І орын - Рахат Қомбаров (Түркістан облысы)

ІІ орын - Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы)

ІІІ орын - Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы)

ХІІІ Қазақстан чемпионатына қатысқан спортшылар тізімі:

Зәуірбек Сұлтан (Алматы қаласы)

Бердібек Татай (Алматы қаласы)

Айнабек Бердіқұлов (Жамбыл облысы)

Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы)

Бағдәулет Ғаниұлы (Қызылорда облысы)

Нұрберген Ташмағанбет (Қызылорда облысы)

Нұрбағлан Сәдуақас (Түркістан облысы)

Рахат Қомбаров (Түркістан облысы)

Елдос Асқарұлы (ШҚО)

Мұхамед Қанатбеков (ШҚО)

Тимурхан Иманғалиев (Ақтөбе облысы)

Нұрхан Елжанов (Ақтөбе облысы)

Елдос Жұмағали (Павлодар облысы)

Данияр Серік (СҚО)

Төлеген Серғазиев (Қарағанды облысы)

Асабек Төребаев (Қостанай облысы)

Битөре Ахметәлі (Маңғыстау облысы)

Самат Әбиір (Атырау облысы)

Мағжан Жеңісов (БҚО)

Шәкәрім Қабылдин (Ақмола облысы).

Соңғы жаңалықтар